Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар.

Үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желі қолданушысының баласын жеке меншік мектеп хиджабпен қабылдағаны туралы жазбасына пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

БАҚ өкілдері жекеменшік мектептердің оқушыны хиджабпен қабылдауға рұқсаты бар-жоқтығын нақтылап сұрады.

Барлық мектеп белгіленген заң аясында белгіленген тәртіп бойынша ұйымдастырылуы керек. Жалпы бізде мониторинг деген бар. Әрбір өңірде білім сапасын қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар барлық өңірдегі сапаның қамтамасыз етілуін қадағалап отырады. Сол кісілерден бізге дабыл түсіп жатса, олар қарап, сол бойынша шешім қабылдайды, – деді ведомство басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!