Шардара қаласында кішкентай Пифагор өсіп келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан біршама уақыт бұрын әлеуметтік желіде есепке жүйрік баланың видеосы тараған болатын. Күрделі сандарды қосуды қиналмай-ақ ауызша есептеп жатқан оның әрекеті көпшілікті таң қалдырды.

Өзінің зеректігімен елді сүйсінткен төрт жасар Ислам Купбай Шардара ауданына қарасты Егізқұм елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Болашағынан үлкен үміт күттіріп отырған балғын бүлдіршіннің ерекше қабілетін байқаған достары қызық көріп бейне таспаға түсіріп алған. Ал, ол видео бірден әлеуметтік желі арқылы елге тарап кетті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!