Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында 2025 жылға дейін 800 мың оқушының заманауи мектептерде білім алуына жағдай жасалатанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент осылайша апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесінің толық шешілетінін айтты. 

«Бұл ауыл және қала мектептеріндегі айырмашалықты азайтады. Мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндет болу керек. Жемқорлардан сот арқылы мемлекетке қайтарылған қаржы толығымен мектептерге арналуы керек», – деп атап өтті Тоқаев. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!