Көкшетау қаласындағы мектеп асханаларында балалардан артық ақша алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл бұзушылықтарды қала прокуратурасы анықтады. Өңірдің білім беру мекемелерінде қолма-қол ақшасыз есеп айырысу кезінде оқушылар үшін тамақтану бағасы он пайызға төмендетілуі тиіс еді.

Қаланың он бес мектебінде оқушыларға карта арқылы төлем жасауға мүмкіндік берілмеді. Осыған байланысты он үш мыңға жуық оқушы түскі асқа артық ақша төлеген. Сонымен қатар, басқа он мектепте жеңілдіктер мүлдем ескерілмей, тамақты оқушыларға қымбатына сатқан. Жергілікті білім басқармасы әлі жағдайға пікір білдірмеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!