Жетісу облысының Сарқан қаласында математика пәнінің мұғалімі оқушыны зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Осы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрі пікір білдірді. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Ғани Бейсембаев бүгінде министрлік балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқанын алға тартты.  “Жалпы кез келген мұндай мәселелерге тергеу амалдары жүргізілетінін білесіз. Ішкі істер органдары араласып, заң бағасын беруі керек. Бірақ кез келген балаға қатысты мәселелерді Оқу-ағарту министрлігі жанындағы Балалар құқығын қорғау комитеті өте тығыз бақылауда ұстап отырады. Елімізде балалардың құқығының бұзылмауын жүйелі түрде бақылауда ұстап, алдын алу жұмыстарын жүргізудеміз. Тамыз айында балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді жоспар қабылданды”, – деді министр.  Ғани Бейсембаев қазір тергеу амалдары жүріп жатқандықтан оқиғаға қатысты заң жүзінде қосымша ешқандай пікір білдірілмейтінін алға тартты. “Тергеу амалдарынан кейін тиісті органдар өз шешімін айтуы тиіс. Ал жалпы Қазақстан бойынша мұндай мәселелердің орын алмауы бағытында кешенді жоспар қабылданды. Бұл жоспар өз нәтижесін береді деген үміттеміз”, – деп қосты министр.

сурет stan.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!