Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Фото: qpinfo.ru
Жетісу облысында 15 жастағы оқушы әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған. Кәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласындағы орта мектептердің бірінде оқиды. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жасөспірім қыз оқитын мектеп оқушы 4 жасында анасынан айырылғанын айтқан.
Анасының қазасынан кейін әкесі екінші рет үйленіп, қыздың өгей шешесінен әпкесі болған, – деді мектеп әкімшілігінен.
Полиция оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болады. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер – белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!