Бүгін Қызылорда «Болашақ» университетінде «Болашақ» ҒЗИ жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының ұйымдастыруымен педагогикалық бағытта білім беру бағдарламаларының білім алушыларына педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ә.С.Боранбаев «Жоғары оқу орындарында педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында баяндама оқыды.
Баяндамашы бірқатар педагогикалық технологияларға тоқталды. Қазіргі таңдағы заманауи технологиялардың маңызды тұстарын профессор-оқытушыларға түсіндіріп, практика барысында қолдануға ұсыныс берді. Атап өтсек, жобалау әдісі білім алушылардың ақпараттық кеңістікте өз бетінше жұмыс жасау іскерлігін дамытады; педагогикалық модельдеу құрылған жобаны практикада қолдануға ықпал жасайды; кейс әдісі білім алушылардың мәселені шешу жолында практика барысында зерттелетін заттың немесе құбылыстың өзектілігін шешу мақсатында қолданылады.
Сонымен қатар, баяндамада ЖОО профессор-оқытушыларына жаңартылған білім беру аясында педагогикалық технологиялардың жаңа әдіс-тәсілдері тереңірек талқыланды.
Әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығы
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!