Сурет: pixabay
Павлодар қалалық мәслихат депутатына жоғары сыныптағылардан жапа шегіп жүрген оқушы туралы ақпарат келіп түскен. Бұл туралы зардап шеккен оқушының сыныптастарының ата-аналары хабар берген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық білім бөлімі аталған факт 6 қарашада тіркеліп, мектепте тексеру жүргізіліп жатқанын нақтылады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«Білім бөлімінің, білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, ювеналды полиция инспекторы, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы мектепке аттанып кетті. Аталған мәселе кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысында қаралады. Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидова бұл істі жеке бақылауына алды», делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!