Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев инфляцияға байланысты Қазақстанда ЖОО-да оқу ақысы қымбаттауы мүмкін екенін айтты.

«Жыл сайын жоғары оқу орындарынан оқу ақысын көтермеуді сұраймыз, бірақ нарықтағы бағаның өзгеруіне, жыл сайынғы инфляцияға байланысты университеттер оқу құнын инфляция көрсеткіштерімен түзетеді. Мәселен, былтыр инфляция 14 пайыз болса, кейбір университеттер плюс немесе минус 14 пайызға өсті (білім беру құны — еск.). Мұндай түзету заңды. Біз университеттерді оқу құнын бірден көтермеуге үгіттейміз. Бірақ экономикалық жағдай басқаша. Барлығы қымбаттайды. Инфляция шегінде түзетулер мүмкін», — деді Ерғалиев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!