Түркістан облысының прокуратурасы жалпы білім беретін мектептердің күзетшілеріне жұмысынан айырылуына байланысты тиісті өтемақы төлемеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Осылайша, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын объектілер террористік тұрғыдан осал объектілерге өтуіне байланысты, оларды күзету жеке күзет агенттіктеріне берілген.»Түркістан облысының прокуратурасы

Бұл құқықтық өзгерістердің салдарынан Түркістан облысының білім беру бөлімдері 1 473 мектеп күзетшілерімен еңбек шарттарын біржақты бұзған.

Алайда жұмыс беруші енбең заңнамасының талаптарын бұза отырып, 934 жұмысшыға тиісті өтемақыны төлемеген.

Қолданылған шаралармен бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде өтемақы төлемдері аударылды (115 млн.).

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және облыс прокуратурасының бақылауында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!