Полицияның ұсынысы бойынша сот жыл сайын бала тәрбиесіне қатысты талаптарды орындамағаны үшін 1 мыңға жуық ата-ана құқығынан айырылады немесе шектеледі.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 4 мыңнан астам жасөспірім жеткізілді. Оның ішінде 3,5 мыңнан астамы қараусыз және панасыз қалғандар. Жыл сайын 6 мыңнан астам заңды өкілдер бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Полицияның ұсынысы бойынша сот жыл сайын бала тәрбиесі бойынша талаптарды орындамағаны үшін 1 мыңға жуық ата-ана құқықтарынан айырылады және шектеледі», – деп мәлім етті Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, құқық қорғау органдарының тұрақты есебінде тұрған 4,3 мың жасөспірім мен 7 мыңға жуық әлеуметтік жағдайы нашар отбасының балалары бар. Полиция қызметкерлері олармен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Осыған дейін баласын түнде ойын-сауық орындарына жіберген 78 мың ата-ана жауапқа тартылғанын жаздық.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!