ҚР МҚІА және оның аумақтық департаменттерімен рұқсат мерзімдерін, беру тәртібін бұзғаны, сондай-ақ оларды беруден негізсіз бас тартқаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 102 хаттама толтырылды.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың қарау қорытындысы бойынша, сондай-ақ қысқартылған тәртіпте 102 әкімшілік хаттамалар бойынша  әкімшілік жауапкершілікке 174 лауазымды адам тартылды (ОМО–12, ЖАО–42 қызметкерлері).

Жалпы, ағымдағы жылы мемлекет кірісіне айыппұл түрінде 3,4 млн. теңге өндірілді.

Осылайша, Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің Төрағасы мен Төраға орынбасары, Әділет министрлігінің департамент директоры, 8 орталық мемлекеттік органдар ведомстволары бөлімшелерінің басшылары (Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің  орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік, Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеттері)), Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда облыстары әкімдіктерінің 3 облыстық басқармаларының (Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу) басшылары, Жамбыл облысы Қордай, Мойынқұм ауданының әкімдері, 4 ауылдық округтің әкімдері, 23 жер қатынастары бөлімінің басшылары, 5 сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшылары, 2 аудан әкімдіктерінің лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!