ҚР Бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың Ashyq жобасы бойынша жаңа қаулысында нысандардың жұмысына қатысты тиісті режим белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Бұл тұрғыда Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылатын нысандар айқындалды. Осы орайда құжатта адамдар көптеп жиналатын 40-қа жуық нысан белгіленген.

«Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Ashyq жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері мынадай жұмыс режимін:

– «қызыл» және «қоңыр қызыл» аймақтарда орналасқан өңірлерде – сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

– «сары» аймақтағы орналасқан өңірлерде – сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;

– «жасыл» аймақта орналасқан өңірлерде – сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін белгілеуді қамтамасыз ету бекітілген.

«Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл» мәртебе болған жағдайда (вакцинациялау, сынама алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесттің болуы, КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) объектілердің жұмыс істеуіне жол беріледі», – делінген құжатта.

Осы қаулы 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!