Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына іссапары аясында Нанкин қаласының бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.
Іс-шара бизнес, қаржы ұйымдары, венчурлік қорлар және сауда қауымдастықтары инвестицияларын тартудың диалог алаңына айналды.
Аймақ басшысы өңір экономикасының басым секторларындағы инвестициялық мүмкіндіктер, сондай-ақ Қызылордадағы Халықаралық бизнес үшін қолжетімді мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндама жасады.
«Көріп отырғандарыңыздай, біздің ынтымақтастық алаңы кең! Біз екі өңір арасындағы өзара байланысты арттыруға бағытталған перспективалық жобаларды іске асыруға ниеттіміз. Мемлекет тарапынан инвесторларға преференциялардың ауқымды түрлері ұсынылады», —деді облыс әкімі.
Қызылорда облысының басым салаларының әлеуеті, Орталық Азиядағы ірі экономикамен ынтымақтастықтың перспективалық мүмкіндіктері іс-шараға қатысушылар тарапынан жоғары бағаланды. Шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестік артықшылықтар ірі компаниялар өкілдерінің ерекше қызығушылығын тудырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!