Жұмыссыздықты шешудің әртүрлі амалы бар. Қолынан келгені кәсіп ашады. Бүгінде мемлекет шағын және орта бизнес саласына көңіл бөліп, көптеген жеңілдіктер қарастырып келеді. Соның бірі – қайтарымсыз гранттар.

Арал аудандық Отбасын қолдау орталығында 2021—2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алушыларының өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеде грант алушылар өздерінің дайындап әкелген кондитерлік және наубайхана өнімдерін, жартылай дайын өнімдерді, балық, ет өнімдері және тігін шеберханасының бұйымдары, саз балшықтан жасалған бұйымдар, той-табақ бұйымдарын шығарды.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орныбасары Б. Жұмағұлов қатысушыларға жылы лебізін білдірді.

«Өткен жылыда осындай игі істер көп болды. Биылда өз жалғасын тауып, көптеген өнімдер шығарылып, біршама жобалар қолға алынуда. Осындай ерекше дүниелерді жасап, сүйікті істеріңізбен айналысып жатқандарыңызға қуаныштымыз. Сіздерге сәттілік тілей отырып, тұтынушыларыңыз көп болып, өнімдеріңіз молая берсін демекпін. Мемлекет ұсынған мүмкіншілікті пайдаланып, аудандық өнім жатқандарыңызға шынайы алғысымыз шексіз»- деді, аудан әкімінің орынбасары.

Жәрмеңкеге барлығы 32 кәсіпкер қатысты. Оның ішінде көп балалы, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, мүгедектер, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала күтуші және жастар бар. Түрлі өнімдер келген жұртшылыққа ұсынылып, ерекше заман талабына сай дайындалған өнімдер тұрғындарды қуантты. Алдағы уақытта аталмыш жәрмеңке дәстүрлі түрде ұйымдастырылып отыратын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!