Павлодар облысында «Ауыл аманаты» жобасы табысты іске асып жатыр. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармаларының, сондай-ақ «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасын талқылады деп хабарлады turkystan.kz.
Жобаның негізгі мақсаты – халықтың табысын арттыру, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жан-жақты қолдау, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігіне және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу.
«Ауыл аманаты» жобасы қатысушыларға 2,5% ғана құрайтын төмендетілген сыйақы ставкасы бойынша шағын несие беруді көздейді.
Шағын несие көлемі – 8,6 млн теңгеге дейін.
Павлодар облысында жоба шеңберінде 300 кейсті жобаны жүзеге асыруға 1,5 млрд теңге бөлінді.
Асайын Байханов өзекті бизнес-жобалардың тізбесін және жеңілдікті кредиттер алу тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ облыс аудандарының тұрғындарымен қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!