«Банк ЦентрКредит» Қазақстандағы «Альфа-Банк» ЕБ АҚ-ны сатып алу туралы келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Банк ЦентрКредит» 100% жай акцияларды сатып алып, «Альфа-Банк Қазақстанның» жаңа акционері болады. «Альфа-Банк» АҚ акционерлер құрамынан толықтай шығып, директорлар кеңесінен өз өкілдерін қайтарады», – деп жазылған «Альфа-Банктің» желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, хабарламада мәміле жасалғаннан кейін банкте ребрендинг жүретіні айтылған. «Қабылданған шаралар банктің АҚШ пен бірқатар басқа елдердің санкциялар тізімінен шығуына ықпал етеді.

Осылайша, бұл жеке және заңды тұлғаларға арналған банктік қызметтердің толық спектрі бар бүтіндей қазақстандық банк болады. «Банк ЦентрКредит» депозиторлар алдындағы барлық міндеттемелерді орындау үшін өз қаражаты есебінен қосымша өтімділікпен банкті қолдауға, сол арқылы клиенттер үшін қалыптасқан жағдайды жедел шешуге дайын» делінеді.

Еске сала кетсек, таяуда «Альфа-Банк» пен «Сбербанкке» салынған санкциялар Қазақстан банктеріне әсер етпейтіні айтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!