Бизнеспен қазір айналысқалы жатпасаңыз да, іскерлік қарым-қатынас, жаңа идея табу және оны іске асыру туралы ақпаратпен танысу ешқашан артық болмайды. Бизнес туралы 5 подкастты назарға ұсынамыз.

Питч ойыны

Apple / Google Podcasts

Кез келген, тіпті ақылға қонбайтын идеяның өзін стартап ретінде ұсынып, оны инвесторларға сатуға болады. Бұл ойды подкаст авторлары ұстанады. Бизнестегі басты қағида – идеяны дұрыс жеткізу.

Жасалады

Apple

Никита Маклахов қонаққа шақырған мамандардың жеке тәжірибесі мен өзінің ғылыми зерттеуіне сүйене отырып, бизнес ашу жолы мен оны жоспарлау идеясын көтереді. Оның подкастын тыңдау арқылы құлдыраудың трамплин екенін және шабыт сыйлайтын жұмыс іздеу керегін ғана түсінетін боласыз.

Бренд бол

Apple / Podster / PodFM

Адамның жеке қасиеттері мақсатқа жету жолында керек және өмір құлдыраған сәтте керек болатын қор екенін ұмытпаған жөн. Жеке брендті қалыптастыру және нетворкинг саласы бойынша бизнес леди атанған Мария Азаренокты тыңдау арқылы адамның өз-өзін қалай жұмыс істеуге шабыттандыра алатынын білесіз. 

Әлемді ашыңыз

Apple / SoundCloud / Podster

Ирина Плыткевич және оның OpenWorld жобасы арқылы бизнес бастау мақсатында қоныс аударған адамдардың түрлі хикаяларымен танысасыз. Подкаст авторлары кез келген адам өмірде оған күш-қуат беретін жерді табу керек екенін және оның қиял ғана емес, шындық екенін дәлелдегендей.

Тандемократия

Forbes / Apple

Forbes подкасты тандемде кәсіпкерлер мен өнер саласындағы адамдардың қалай қарым-қатынас құрып, бизнес идеяны бөлісетіні туралы сөз етеді. Тыңдау арқылы іске асатын идеяның бәрі жалғыздықта емес, адаммен араласа келе туатынына көз жеткізуге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!