Теңгеге шаққандағы доллар бағамының төмендегенін Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми деректері хабарлайды.

Күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,38 теңгеге төмендеп, 508,62 теңгеге тең болды. Ұлттық банк мәліметінше, 10 наурыздағы доллардың ресми бағамы 510 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 515,97 теңге, сату – 519 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 515,52 теңгеден сатып алады, 519 теңгеден сатады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!