Сүйікті ісін өз бизнесіне айналдыруды армандамайтын адам кемде кем шығар, ал егер арманды жүзеге асыра алсаң, істің берекелі болары сөзсіз, бастысы, қызығушылық пен қолдан келгені.
Шиелі ауданының тұрғыны Датқа Хамит Сәкенұлы әкесіне бала кезден бастап машинаны жөндеуге көмектесіп, бұл кәсіп сүйікті ісіне айналған. Есейе келе қызығушылығы артып, қала орталығында маманданған техникалық қызмет көрсету станциясыларында қосалқы жұмыстар жасай жүріп, әжептәуір тәжірибе жинақтапты.
Автомобильдерді бояу цехын ашуға шешім қабылдау, “Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасында «Бастау Бизнес” жобасының аясында кәсіпкерлік негіздері бойынша базалық білім алғаны түрткі болды. Негізгі және маңызды мәселе бастапқы капиталды алуға, Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында ауыл және қала жергілікті атқарушы органдармен коян-қолтық осы бағытта жұмыс жасап отырған “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ-на ауыл әкімінің қолдауымен өтініш беріпті.
Мемлекеттік қолдау бағдарламасымен ұсынылған несиеге қол жеткізген, бүгінде жас кәсіпкер кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарын алып, шағын техникалық қызмет көрсету станциясын ашып алған. Көмекші ретінде өз ауылдасын жұмыспен қамтып, білгенін үйретуде.
«Автокөлікті бояу – бұл адамның шығармашылық әлеуетін іске асыратын өте қызықты кәсіп. Бұл жұмыс дегеннен гөрі хобби деуге болады. Алайда, бұл кәсіп пайда да, қанағат та әкеледі. «Металлды бояудың жұмыс барысында тілін түсіне білу керек, бір біріне сәйкес келмеген жағдайда қалаған нәтижені шығару оңай емес, мен соны түсіндім және бұл ретте тәжірибем бар» – деп сенімді сөйлеген жас кәсіпкердің бұл кәсібі ұзағынан болатынына күмәніміз жоқ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!