Қызылорда қаласының орталығынан соңғы үлгідегі сәнді жиһаздар дүкені ашылды.

Дүкен құрылтайшысы Ақтолқын Махамбетова – осы кәсіп саласында жүргеніне 15 жылға жуықтаған. Кәсіптің қыр-сырын меңгерген маман облыс тұрғындарын сапалы жиһаздармен қамтамасыз етіп келеді.

Кәсіпкер кәсібін кеңейтіп дамыту барысында мемлекеттік қолдау арқылы несие алып, 3 қабатты зәулім ғимаратын салды.Салтанатты шараға Басқарма басшысы Фердоуси Қожабергенов қатысты.
Жалпы, биылғы жылы өңірімізде бизнесті қолдауға мемлекеттік бағдарламалар есебінен 11 млрд. теңгеден астам қаржы бағытталып, бүгінде бизнестің 1600-ге жобасына несиелер берілді.

Мұндай қолдау шаралары өңірде кәсіп бастаушылардың санының артуына септігін тигізуде. Жыл басынан бері жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 49 808 жетті. Бұл Республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі болып отыр.
Кәсіп ашып, қызмет етем дегенге мүмкіндік мол. Әрекетке берекет деген осы болар

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!