Биылдан Dauletten.kz оқырманының көпшілігі несиеден біржола құтылуды көздеп отыр, ал біршамасы баспана алудан үмітті. Осыған байланысты, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы 15 минутта несие тарихыңыз туралы ақпаратты тексеру немесе Дербес несие есебін алу құжатына қол жеткізу үшін қандай қадамдар орындау керегіне тоқталмақпыз.

  • Браузерге egov.kz деп теріп, электрондық үкімет порталына кіреміз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Сайттың сол жақ бұрышындағы тілдерден қазақшаны таңдаймыз. Кеден және салықтар тарауына кіреміз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  •  Беттің сол жақ бөлігінде тұрған Экономика және қаржы бөліміне басып, ұсынылған қызметтердің ішінен Дербес несие есебін алуды таңдаймыз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Оң жақ бұрышындағы Онлайн сұрау батырмасын басамыз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  •  Порталға кірудің әртүрлі жолдары ұсынылады. Біз жүйеге ЭЦҚ арқылы кіруді таңдап, құрылғыдағы ЭЦҚ кілттері орналасқан папканы ашамыз. Кейіннен түпнұсқаға сәйкестендіру кілтін (AUTH_RSA) таңдап, ашу батырмасын басамыз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Шыққан терезеге кілттер қоймасына арналған парольді енгізіп, қол қою батырмасын басамыз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Дербес несиелік есептеме алудың 1-қадамы ашылады. Арыздағы деректерді тексеріп шығып, келесі қадамға көшеміз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  •  2-қадамда қол қоюға арналған тіркеу куәлігін (RSA) сақталған папкасынан ашамыз.  
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Сертификат деректері шыққан соң қол қою батырмасын таңдаймыз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Дербес несиелік есептемеге арыз ойдағыдай тіркелген соң өңделудің жай күйін тексереміз.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?
  • Қызметтерді алу тарихы шығады. Сұрауыңыздың нөміріндегі сілтемені басу арқылы құжатты ашып, жүктеп алуыңызға болады.
Несие тарихын 15 минутта қалай тексереді?

Айта кету керек, дербес несиелік есептемені күнтізбелік бір жыл ішінде бір рет қана тегін ала аласыз. Ал қайта арыз беру құны – 400 теңге. Сондай-ақ несие тарихын алу барысында қандай да бір қиындық туындаса, 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласып, шешу жолын біле аласыз. Алайда оператор жауабын ұзақ күтуіңіз мүмкін екенін де ескеріңіз.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!