Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларация бойынша қандай қызмет түрлері арнайы салық режимі шеңберінде жұмыс істей алатынын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинар өтіп жатыр.

Вице-премьердің айтуынша, рұқсат берілген тізімде мына қызмет түрлері бар:

  • Үлкен форматтағы бөлшек саудадан бөлек барлық бөлшек сауда.
  • Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, аквамәдениет.
  • Шығармашылық индустрия, мәдениет, спорт.
  • Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, пошта (бірақ қаншалық үлкен бизнес екеніне байланысты).
  • Жылжымайтын мүлік пен көлікті жалға алуға қатысты да осылай.
  • Тұрмыстық қызметтер.
  • Құрылыс жұмыстары екі тізімде де болады, бәрі жұмыс түріне байланысты болады.
  • Кемпингтер, қонақүйлер.
  • Қоғамдық тамақтану: мейрамханалар, т.с.с.
  • Шаштараздар, сұлулық салондары.
  • Мектепке дейінгі білім беру.

«Ірі көлемде жұмыс істегісі келетіндер жалпыға бірдей белгіленген режимге көшуге мәжбүр болады», – деді Жұманғарин.

Вице-премьердің сөзінше, бүгінде шамамен 1 330 000 кәсіпкер рұқсат етілген қызмет түрлеріне жатады.

Тыйым салынған тізімде мыналар бар:

  • Өңдеу өнеркәсібі.
  • Көтерме сауда.
  • Жер қойнауын пайдаланудың барлық секторы.
  • Бүкіл қаржы секторы.
  • Зерттеу.
  • Тасымалдау және сақтау.
  • Телекоммуникация, радио, ақпараттық технологиялар.
  • Құрылыс, белгілі бір қызмет түрлері.
  • Табиғи монополиялар субъектілері.
  • Жалдау және лизинг.
  • Мемлекеттік басқару.
  • Мектептер мен жоғары оқу орындары.
  • Бизнеске арналған қызметтер және басқа да қызметтер.
  • Коммерциялық емес ұйымдар.
  • Медицина.
  • Балық аулау.
  • Ойын бизнесі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!