Кәсіпкерлігі кең өркен жайған Қазалы ауданында тағы бір нысан іске қосылды.

Жеке кәсіпкер Рүстем Мәмбетжанов өзінің қаражаты есебінен шағын бетон зауытын ашып, көпшілікті қуантты. Жаңа нысанның ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

Бетон зауытының жұмысымен танысқан аудан басшысы кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі. Әйтеке би кентінен ашылған зауыт заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жеке кәсіпкер бетон шығаратын автоматтандырылған аппаратты Қытайдан арнайы алдыртқан. Одан бөлек, қосымша техникалары да бар.

Аудан орталығындағы индустриялық аймақта орналасқан зауыт сағатына 20 текше метр бетон шығарады. Қазіргі таңда мұнда 5 адам жұмыспен қамтылған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!