Көптен күткен фильм желтоқсанның 30-ы күні көрерменге жол тартты. Түсіріліміне бір жарым жыл уақыт кеткен киноны халық асыға күтті. Қоянбаевтың қай киносы болмасын көптің көңілінен шығып келеді. Әр фильмінің өзіндік идеясы, айтар ойы бар. Бұл фильм де Қоянбаевтың көрермендерге жаңа жылдық тартуы болды. Бір қызығы кассаларда билет болмай, кезекте тұрғандардың көп екендігін аңғардық. Жерлесіміз  «Фильмді ата-аналарыңызбен, жақындарыңызбен көруге кеңес береміз. Жаңа жылдық көңіл-күйді көтеру үшін арнайы 30 желтоқсанда көрсетуді жоспарладық. Халықтың ұзын-сонар кезекті суретке түсіріп жібергендері қуантты. Көрермендеріме қазақша нұсқасын көруге кеңес беремін. Басқа туындылардан ерекшелігі бұл жолы Еркош Түркияда жоғалмайды», – деді.

Фильмде табысты қонақүй иесі Жомарт Қанатұлы халықаралық деңгейге шығады. Аукционда қонақүй сатып алу үшін Ален, Еркош, Бақдаулет және жаңадан келген Марленмен бірге Түркияға ұшады. Бірақ қонақүй сатып алу оңай шаруа емес, барлық кейіпкерлер Америка, Африка және Кореяда болғаннан да күшті жаңа тосын оқиғаларға тап болады.

Фильм қазақтардың материалдық жағдайымен қатар адами құндылықтарының да «астын сызып»  көрсетті. Арамдығы аз аңғалдығымызды да. «Үйде жалғыз қалғанда» немесе «Иронияның»  орнына «Бизнес по-казахски» жаңа бөлімімен ассоциацияланатын күйге жеттік.

– Сценаристтер, актерлер, барлық ұжымға осы бесінші бөлім қатты ұнап жатыр. Өзім «Бизнес по-казахски» бөлімдерінің барлығының авторы болғаннан кейін көңілімнен шықпайды. Бір жері ұнайды, бір жері ұнамайды. Осы жолы көңілімнен шықты. Жыл сайын «Бизнес по казахскидің» жаңа бөлімін таспалау актерлер үшін де игі дәстүрге айналғандай. Жобаның бірінші бөлімінен бастап жүрген Жан Байжанбаев кейіпкерлердің көрерменді жалықтырып алмайтынына сенімді. Біз бұл дәстүрді бұзбаймыз. Америка, Корея, Түркиямен тоқталып қалмай, әрі қарай түсіреміз, – деді Нұрлан Қоянбаев.

Ол – 42 млн доллар шығында жүрсе де қазақтың жігіттері ақша үшін «Азамат» деген атқа адал болатын халық екенін заманауи кинода көрсеткен отан­дық ал­ғашқы продюсер. Қазақ хал­қы­ның қыз ба­ланы, жалпы әйел затын құрмет тұтатын ұлт екенін де за­манауи кинода көр­сетті. Көр­сеткенде де шынайы  жеткізе білді. Кореяның киносынан ғана табылатын сый-құрметті бізден де көрдік.

Алдыңғы бөлімдерден айырмашылығы 100 пайыз қазақша және арасында танымал түріктің «Kara Sevda» сериалын көріп отырғандай әсер болады.

Жоғарыда атап өткендей, Еркош Түркияда жоғалмады. Жылы-жылы тілек білдірген оқырман­дардың бірі: «Еркош жоғал­ғанда қызық болар еді» деп те пікір жазыпты. Бірақ фильм шынымен де көп­ші­ліктің көңілінен шықты. Оны режис­сердің Instagram парақша­сындағы шынайы пікірлерден аңғару қиын емес. Олай болса, сіздерге де отандық өнімді тамашалауға кеңес береміз!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!