Қызылорда облысында 2020 жылдың 9 айында өнім өндіру 3,5%-ға артып, пайдалануға берілген тұрғын үй саны да көбейген. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова елордадағы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте мәлімдеді.
«Өңдеу өнеркәсібінде өнім өндіру осы жылдың 9 айының қорытындысымен 3,5%-ға, ауыл шаруашылығында 3,1%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,4%-ға (45-тен 47,4 мыңға дейін) өсті», – деп атап өтті облыс әкімі.Сондай-ақ, облыс әкімі биыл Сыр өңірінде 485 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық.Сонымен қатар, өңірде өткен жылға қарағанда инвестиция көлемі 69,5%-ды құраған.
«Төмендеудің объективті себептері бар. Өткен жылы бірнеше ірі инвестициялық жобаларды іске асыру аяқталды, олардың үлесіне жылдық инвестициялар көлемінің шамамен 30%-ы тиесілі болды. Биыл енгізілген шектеулерге байланысты жалпы экономикаға инвестициялар көлемі қысқарды, бұл құрылыс жұмыстарының көлеміне де әсер етті (50,8%)», – деді бұл тұрғыда Г.Әбдіқалықова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!