Қызылорда облысында экономика саласын дамыту мақсатында 265-тен астам жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде, тамақ өнеркәсібі бойынша 23 жоба енгізілді. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 125,8 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға субсидия берілді.

Ал, «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы тамақ өнеркәсібі саласында 97,7 млн. теңгені құрайтын 17 жоба шағын несиеге қол жеткізді.

Сонымен қатар, өңірдің тауар өндіруші кәсіпкерлерінің өнімдеріне жаңа сұраныс көздерін ашу және маркетингтік қолдау көрсету мақсатында облыстың ірі көтерме сауда орталықтарымен келіссөздер жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!