Басқарма басшысы Ақзира Қасымова қала аумағындағы «Саяхат» мөлтек ауданында инвестордың есебінен салынып жатқан «Ұлағат білім ордасы» мектебінің құрылысымен танысты.
Жеке кәсіпкердің қаржыландыруымен бой көтеріп жатқан 348 орындық мектеп ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Саяхаттық оқушылардың игілігіне пайдалануға берілмек.
Айта кету керек, мөлтек аудан тұрғындары осыған дейін мектеп тапшылығының зардабын тартып келген болатын. Тұрғындар қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында заман талабына лайықталып салынып жатқан аталмыш білім үйі жаңа оқу жылынан бастап қаланың солтүстік аумағының жасөспірімдеріне сапалы әрі ақысыз білім беру жұмыстарын үйлестіреді, сонымен қатар, оқушыларды автобустармен тасымалдау, арнайы үйірме түрлері секілді қызметтерді тегін көрсететін болады.
Қазіргі таңда аймақта инвесторлардың жеке қаражаты есебінен салынған 10 білім беру нысаны тұрақты жұмыс жасап жатыр және жыл аяғына дейін «Nur Otan» партиясының жол картасын жүзеге асыру мақсатында 6 жаңа мектеп пайдалануға беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!