Қызылордада 7 айда 718 кәсіпкерлік субъектісі тексерілді. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек жақсылықов бизнес-қауымдастық алдындағы «Бірыңғай есеп беру күнінде» айтты.
Шара облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешевтің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдар, қаржы институттары, кәсіпкерлердің қатысуымен өтті.
Мәжілісте бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыратын органда бизнес қауымдастық алдында есеп берді.
Палата директоры хабарламасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен республика бойынша бизнеске әкімшілік қысым индексі бойынша талдау жасалғандығын атап өтті.
Талдау барысында санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, жер, еңбек қатынастары және салық міндетемелері құрылыс салалары қамтылған.
Жалпы талдау 6 индекс бойынша жүргізілді:
1-индекс – бақылау және қадағалау органдарымен тексеру жүргізілуі тиіс болған жағдайлары мен іс-жүзінде тексеру жүргізілген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатынасы.
2-индекс – барлық жүргізілген тексерулер саны мен тексеру нәтижесімен анықталған заңбұзушылықтар санының қатынасы;
3-индекс – тексеру нәтижесімен көрілген шаралар саны мен ескерту берілген жағдайлар санының қатынасы;
4-индекс – тексеру жүргізілмей жауапқа тартылған жағдайлар саны мен жалпы көрілген шаралар санының қатынасы;
5-индекс – тексеру қорытындыларына кәсіпкерлермен келтірілген шағымдар саны;
6-индекс – қадағалау және бақылау шараларын бұзғаны үшін шара қолданылған лауазымды тұлғалар саны.
1-индекс бойынша талдау, тексерудің ең көбі салық (67 пайыз) сантиралық-эпидемиологиялық қауіпсіздік (16 пайыз), өрт қауіпсіздігі және жер қатынастары (6 пайыз) салаларында жүргізілгендігін көрсетті.
Аталған индекстер бойынша талдау Қызылорда облысында да жүргізілді.
«Жалпы мемлекеттік органдардың жоспарына сәйкес өткен жылы 315 және биыл 7 айда 221 тексеру жүргізілуі қажет болса, іс-жүзінде кәсіпкерлерге қатысты 2020 жылы 1114, осы жылы 718 тексеру жүргізілген. Жүргізілген тексеру жағдайларының 50 пайызында кәсіпкерлік субъектілерінің әрекеттерінде заң бұзушылықтар анықталған. Соның ішінде ең көп заң бұзушылық салық (211 тексеру бойынша) және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік (149 тексеру бойынша) салаларында орын алған. 3-индекс бойынша тексеру қорытындысымен кәсіпкерлерге қатысты көрілген жазалау шараларының 83 пайызында кәсіпкерлерге ескертулер берілген. Ескерту жазасы қолданған үлестің жоғары болуы қадағалау және бақылау қызметі репресивтілігінің төмендегенін көрсетуде», – деді жиында Ғалымбек Жақсылықов.
Палата басшысының айтуынша, 4-индекс бойынша Қызылорда облысы бойынша тексеру жүргізілмей кәсіпкерлік субъектілерін жауапқа тарту жағдайларының жиынтығы айтарлықтай төмен көрсеткішке ие екен. Жалпы жаза қолданылған жағдайлар 13 пайызды құрап отыр. Бұнда да басым бөлігі экология, салық және санитарлық-эпедимиологиялық қауіпсіздік салаларына келеді.
5-индекс бойынша облыста тексеру қорытындыларына шағым келтірген кәсіпкелердің саны аз. Тек, экология, еңбек қатынастары және салық міндеттемелері бойынша жүргізілген тексерулерге кәсіпкерлер шағымданған.
Соның ішінде ең көп шағым саны еңбек қатынастары саласына келеді. 2020 жылы салаға қатысты 314 шағым болса, оның 138-і (44 пайызында), 2021 жылдың 7 айында 174 болса, оның 99-ында (57 пайызында) шағымдар қанағаттандырылған.
6-индекске қатысты талдау жүргізілген 7 сала бойынша қадағалау және бақылау шараларын бұзғаны үшін шара қолданылған лауазымды тұлғалар жоқ деп көрсетілген.
«Алайда мемлекеттік органдармен жүргізілген тексерулердің 510-на кәсіпкерлермен шағым келтіріліп, оның 238-інде шағымдары қанағаттандырлса да, бірде-бір лауызымды тұлға заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылмаған. Бұл ойлантарлық жағдай. Жалпы талдау нәтижелері мемелекеттік органдардың жүргізген тексерулері бойынша есептері, қадағалау және бақылау қызметтері туралы мәліметтің бірде бір жергілікті атақарушы органдардың сайттарында орналастырмағандығын көрсетті», – дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры.
Мәлімет болған жағдайдың өзінде, мемлекеттік органдардың талдаусыз, тек «құрғақ» статистикалық сандарымен ғана шектелген көрінеді. Кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде жиі кездесетін заң бұзушылықтар туралы ақпарат, оларға қатысты талдаулар жоқтың қасы екен.
«Кәсіпкерлерді талдау ақпараттарымен қамтамасыз ету – бизнес тарапынан алдағы уақытта орын алуы мүмкін заң бұзушылықтардың алдын алуға сеп болар еді», – деген Ғалымбек Жақсылықұлы шарада бұл мәселелерге қатысты ұсыныстарын жеткізді.
Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы барлық жергілікті басқару әкімшілік деңгейлерінде біріңғай есеп беру күндерін енгізуді, жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметтері бойынша есептерін орналастыруды, бақылау-қадағалау қызметтіндегі «құрғақ» статаистикалық мәліметтерді ақпараттық-талдау, түсіндірме жұмыстарымен алмастыруды, жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында «Бизнес-қауымдастығының алдында біріңғай есеп беру күні» қосымша айдарын (вкладка) ұйымдастыруды, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, құрылыс, жер қатынастары, еңбек қатынастары және салық міндетемелері салалары бойынша әкімшілік қысым индекстерін ендіруді ұсынды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!