Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен «Ақ Жол» дара кәсіпкердің құқықтары қорғалды. 

Аталған кәсіпкер Қызылжарма ауылдық округінде мемлекеттік сатып алу арқылы «түнгі жарық бағаналары мен шамдарын күтіп ұстау, жанып тұруын қамтамасыз ету» қызметін көрсеткен.

Алайда, жергілікті атқарушы орган атқарылған жұмысқа тиісті 2,3 млн.теңге көлемінде қаражатты кәсіпкерге 2022 жылғы қарашадан бері аудармаған.

Ұзақ уақыт бойы аталған мәселесінің шешімін таппаған кәсіпкер Департаментке шағым түсірді.

Туындаған мәселеге Департамент араласқаннан кейін кәсіпкерге тиесілі қаражатты әкімдік толық көлемде төледі. Айта кету керек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнес жол» кәсіпкерлерді қорғау жобасын іске қосты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!