Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындарға баспасөз турын ұйымдастырды.
Журналистер «Қызылopдa өңipлiк инвecтициялық opтaлығы» микроқаржы ұйымы арқылы несие алған және «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант ұтқан бірнеше жеке кәсіпкерлік субьектілерін аралап, кәсіпкерлердің жұмысымен танысты.
«Қызылopдa өңipлiк инвecтициялық opтaлығы» микроқаржы ұйымы арқылы несие алып, кәсібін кеңейтіп отырғандардың бірі қала іргесіндегі Тасбөгет кентінің тұрғыны Асылхан Оңалбаев. Ол соңғы 5 жылда жылыжай өндірісімен айналысып келеді. Кәciпкep өткeн жылы «Қызылopдa өңipлiк инвecтициялық opтaлығы» микроқаржы ұйымы арқылы 6 пaйызбeн 5 млн тeңгe нecиe aлғaн. Бұл қаражатқа екінші жылыжайдың құрылысы жүргізіліп, кәсібін кеңейткен. Отбасылық кәсіпті әрі қарай дамыта бермекпіз, – дейді кәсіпкер Асылхан Оңалбаев.
Жылыжайда тұқымнан көшет шығарып, оны жеке 2 гектар жер аумағына егіп, сонан мол өнім жинап алады. Қазіргі таңда кәсіпкердің жылыжайында қияр, қызанақ, баялды, болгар бұрышы және жүгері көшеттері бар. Кәсіпкер 35 жылдан бері жерге дән тастап, өз несібесін теріп келеді.
Басқармаға қарасты «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы несие алған келесі кәсіпкер – Жасұлан Әбілов. Құрылыс заттарын өндіріп жатқан кәсіпкер Жасұлан Әбілов бұл салада 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол алты жыл бойы құрылыс заттарын шығаратын кәсіпкерлердің құрал-жабдықтарын құрастыру, оны қондыру ісімен айналысқан. Соңғы төрт жылдың көлемінде өзінің цехын ашып, құрылысқа қажетті заттарды шығару ісін қолға алған. Қазіргі таңда «Абилов» жеке кәсіпкерлігі пенобетон, пескоблок өнімдерін шығарады.
Төрт жыл бұрын цех ашып, құрылысқа қажетті өнімдерді шығара бастаған. Өткен жылы мемлекеттің қолдауы арқылы цехты кеңейтуді көздеп, «Қызылорда өңірлік инвестициялар орталығы» бойынша 10 млн. теңге несие алып, оған пенобетон өндіру үшін жабдықтар сатып алынды. Барлығы компьютер арқылы басқарылады. Бүгінде цехта 20-ға жуық адам жұмыс істейді. Олардың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Баспасөз туры барысында ақпарат құралдары өкілдері қаладағы жартылай фабрикатталған өнімдер шығаратын ЖК «ЛТД КАУ» кәсіпкерлік нысанының жұмысымен де танысты. Кәсібін кеңейту мақсатында «Қызылopдa өңipлiк инвecтициялық opтaлығы» микроқаржы ұйымына жүгініп, 10 млн. теңге несие қаражат алған. Бұл қаржыға кәсіпкер өндіріс орнын заманауи құрал жабдықтармен жабдықтап, автоматтандырылған құрылғылар сатып алған. Цехта жартылай фабрикатталған өнімнің 29 түрі шығады. Дайын өнімдерді қаладағы бірнеше сауда дүкендеріне өткізеді.
Тілшілер келесі кезекте жас кәсіпкер Данияр Тыныштықтың да кәсібін көрді. Қазақстанда алғаш рет Қызылорда да ет чипсиін шығаратын кәсіпкер 2021 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында грант ұтып, 2,6 млн теңге көлемінде қаржы алған. Ол еттен арнайы құрылғымен кептіріліп шығаратын ет чипсиін шығарады. Қала орталығындағы бөлшек сауда дүкендерімен қоса Атырау, Орал қалаларына да жіберіп отырады. Қазіргі таңда өнімге сұраныс жоғары. Ендігі мақсат, бұқтырылған ет шығарып, кәсібін кеңейтіп жаңа өнімдер шығару.
Айта кетейік, 2020-2021 жылдары «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жылдық 2 пайыз жеңілдікпен 400 млн. теңгеге 14 жоба несиелендірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!