Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы негізінде «Алтын Орда Шұғыла» бөбекжай бақшасының филиалы бүлдіршіндерге есігін ашты.

Ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қатысып, бақша құрылтайшысы Алшынбаев Сейітқали Бегманұлымен бірге жаңа ғимараттың лентасын қиды.

Қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов «Болашақ ұрпақтың тәрбиесі алдымен балабақшадан басталады. Сондықтан кәсіпкердің бүлдіршіндерді қолдаудағы бұл қадамы көпке өнеге болмақ. 40 маманды тұрақты жұмыспен қамтыған балабақша жұмысына сәттілік тілеймін» деп, жылы лебізін білдірді.

Бөбекжай бақшасы балаларды тәрбиелеу мен оқытуға қажетті заман талабына сай құралдармен жабдықталған. Кабинеттер компьютерлермен, арнайы жасақталған ән-әуез, би және спорт залдарымен қамтамасыз етілген.
Аталмыш бөбекжай бақшасы 2 жастағы бүлдіршіндерді қабылдайтын сәбилер тобының болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, 2 мен 6 жас аралығындағы 150 балапанды тәлім-тәрбиемен сусындатпақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!