Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі шаһардағы жаңадан ашылған Нан зауытының жұмыс барысымен танысу мақсатында БАҚ өкілдеріне көшпелі брифинг ұйымдастырды. Кәсібін дөңгелетіп отырған бұл зауытта күніне 20 000 дана нан пісіріліп, шығарылады.

Кәсіп иесі жалпы құны 400 млн. теңгені құрайтын жаңа наубайхананы іске қосу үшін жеке қаражаты есебінен 215 млн. теңге және «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында субсидиялау бағыты бойынша «Даму кәсіпкерлікті қолдау қоры» арқылы 185 млн.теңге «Халық банкінен» қаржы алған.

– «Ақжелең» ЖК-і 2018 жылдан бері нан өнімдерін пісірумен айналысып келеді. Биыл наубайхананың иесі Азамат Мәдениетұлы кәсібін кеңейтіп, 70 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде зауыттағы нан пісіруге арналған қажетті құрал жабдықтар заман талабына сай,-деді «Ақжелең» ЖК-нің өкілі Айдана Қылышбек.

-Зауытта тәулігіне 10 тонна нан пісіріледі. Наубайханадағы қызметкерлердің бәрі өз ісін білетін мамандар. Бүгінде екі ауысыммен жұмыс істеуде. Өнімдер күнделікті Қызылорда қаласындағы әлеуметтік дүкендер және келісім шартқа отырған кәсіпкерлерге жеткізіледі. Сондай-ақ, наннан өзге де кондитерлік тағамдар да сатылымға шығарылады,-деді зауыт технологы Фарида Саменова.

@ Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!