Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Достық үйінде «Табыс. Жетістік. Құпия» тақырыбында кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Іс-шара барысында жергілікті өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды. «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бауыржан Мастеков шараның шымылдығын ашып, кездесудің маңыздылығын атап өтті.

Қызылордалық жастар кәсіпкерлермен кездесті

Одан әрі, жиналғандар алдында «Раим» ЖШС құрылтайшысы, облыстық Кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ерлан Раимов кәсіпкерлікті қалай бастағанын, Сыр өңіріндегі алғашқы мейрамхана «Қыз Жібектің» ашылу тарихы жайлы сөз қозғады.

Ал көпбалалы ана, журналист, ақын, блогер Асылзат Арыстанбек өмірде кездескен қиыншылықтарға мойымай, тек алға ұмытылып, еңбекпен бәрін жеңе білу керек екендігін дәлелмен келтірді. Облыстық мәслихат депутаты, «Абзал и К» ТС директоры, облыстық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Мағжан Ералиев, дизайнер, «Aida couture» дизайн-студиясының директоры Аида Темір сөз сөйлеп, өздерінің табысты кейстерімен, кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қолдауымен және жастарға арналған мүмкіндіктер, бизнесті ашу және дамыту тәжірибесімен бөлісті. Үздік кәсіпкер болудың қыр-сырын үйретті, жастарды ынталандырды.

Жиналған жастар кәсіпкерлік жайлы біршама мәліметтер алып, ойларын түйіндеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!