Қармақшы аудандық ішкі сая­сат бөлімінің мемлекеттік әлеумет­тік тапсырысы шеңберінде “Қы­зыл­орда облысының жастар одақ­тары” қоғамдық бірлесті­гі­нің ұйымдастыруымен кәсіпкер­лік ба­ғыт­тағы мемлекеттік бағдарлама­ларды насихаттау мақсатында «Та­бысты бол!» тақырыбында және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Құқық бұзу індет – оны жою міндет» тақырыбында, “Тұр­мыстық зорлық-зомбылықтың ал­дын алу” тақырыбында кездесулер өтті.

Кездесуге жас мамандар ауылдық округтің жұмыссыз жастары және 9-11 сынып оқушылары Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Ө.Бижанов “Ұлт бірлігі – Қармақшы” ҚБ төрағасы Ш.Құндақбаев, Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны А.Қасымова және “Төретам жастары” ЖҚБ төрағасы Г.Маханова, аудандық Жастар денсаулық орталығының психологі Ә.Кетебаева және Қызылорда облысы дін істері басқармасының Қармақшы ауданы бойынша теологі Ж.Ысқақов қатысты.

Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылық, отбасындағы құндылықтар жөнінде әңгіме қозғалып, жастардың ұсыныс пікірлері тыңдалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!