Думан Ерқанат, 22 жасында АҚШ-тың Колорадо штатының Денвер қаласына көшіп келген. Бүгінде 28 жастағы қазақ жігіті табысты биржалық маклерге айналып үлгерді. Биржалық акциялармен жұмыс істейтін ол Уолл-стрит беделді биржалық қордағы трейдинг компаниясынан дәріс алып, қазір ел азаматтарын бұрын таңсық емес биржа саласында табыс табуға бағыттап жүр. Күніне 500-700 доллар табыс табатын кейіпкерімізбен тілдестік.
ӘЛЕМНІҢ 7 ЕЛІНЕН СТУДЕНТТЕРІМІЗ БАР
Америкаға келгелі 7 жылдан асып кетті. Колорадо штатында тұратын туған ағам Америкаға келуіме, білімімді жетілдіруіме себепші болды. Шет елде білім алып, өмір сүрудің сапасына қарай құны да жоғары. Мұнда білім алу көбінесе ақылы. Оның үстіне қымбат болғандықтан, мектептің кампусында жарты күн жұмыс істеп, одан бөлек ағамның онлайн бизнесіне көмектесіп қаражат тауып, оқу ақысын төледім. Оқумен қатар Денвердің жергілікті компаниясында менеджер ассистенті ретінде жұмыс істедім. Бұл импорт, экспорт бағытында жұмыс істейтін компания болатын. Компаниядағы жұмыс айтарлықтай үлкен тәжірибе берді. Қазір Дүниежүзілік Tesla, Apple, Facebook, Amazon сияқты компаниялар мен жұмыс жасаудамын. Одан бөлек өзімде акедемиялық оқыту плаформасы бар. Осында SMB capital Wall Street-те білім алып, қазіргі таңда тәжірибелі трейдерге айналдым. Ең алғашқы қазақша курстың негізін қалап, қазіргі Қазақ жастарына білім мен тәжірибеммен бөлісудемін. Басқа да әлемнің 7 елінен студенттеріміз бар. Америка – жалқауларға арналмаған мекен. Әрине басқа кез келген мемлекет секілді Американың өзінің өмір сүру салты бар. Медицина, білім, басқа да салалары сапалы, соған қарай бағасынан да айналып өте алмайсың. Адамдардың көбісі өз жұмыстарымен ғана айналысады, осы әдет мені де өзгертті деп айтса болады. Өте көп еңбектену қажет.
ТРЕЙДЕР ЖӘНЕ ТРЕЙДИНГ
Денвердің қаржылық компаниясында аналитик ретінде жұмыс істеп, анализ жасаумен айналыстым. Кейіннен инвестицияға қызығып, Американың биржалық қорына инвестиция және сауда-саттық жасай бастадым. Акциялармен жұмыс, маған ыңғайлы екенін түсініп трейд жасаумен айналысып кеттім. Биржалық трейдинг – Америкадағы мәңгі сала. Өйткені Американың заманауи экономикасы акцияларға байланысты. Дүниежізілік Тesla, Apple, Facebook, Amazon сияқты компаниялар да акция арқылы іс жүргізеді және болашақта акция ең үлкен экономикалық саланың біріне айналады. Американың 50-60 пайыз халқы, қандайда бір компаниялардың акция иегері және олардың инвестиция жасауы қарапайым күнделікті әдетке айналдырған. Трейдер сөзі ағылшын тілінен аударғанда «саудагер» деген мағынаны білдіреді. Трейдерлар валюталық биржалық нарықта, акцияларды алып сату операциясын жасайды. Баға айырмашылығынан пайда табатын маман. Әлемдегі ең ірі биржалық орталықтары New York Stock Exchange және Nastaq деп аталады. Ол Нью-Йорк-та орналасқан. Электрондық режимде сауда жасай бастаған ең бірінші биржа бұл – Nastaq. Ірі IT компания секторлары осы биржалық қорда ұсынылған. Трейдер атанып, биржа нарығында табысты сауда-саттық жасап ақша табу үшін, алдын-ала дайындықтан және арнайы білімнен өту керек. Сауда-саттық трейдерлердің психологиясына қалай әсер етсе, соншалықты оның трейдттегі табыс нәтижесіне де әсер етеді. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдай біліп, сіз эмоционалды тұрғыда әрі шыдамды әрі анализ жасай білуіңіз қажет. Енді биржада сауданы бастау үшін қанша ақша қажет деген сұрақ туындайды. Бұл сіздің қалауыңызға және нарыққа қанша уақыт бөлуге дайын екеніңізге байланысты. Нарықтағы сауда-саттық тәуекелмен байланысты екенін нақты түсіну керек. Жаңадан бастаушылар үшін саудалық шотыңызға көп ақша салуға асықпауға кеңес беремін. Биржада ақшамен қоштасу өте оңай, бірақ табыс табу жолын білсең табыскер болу да қиын емес. Сондықтан асықпай, барлығын дәйекті түрде жасау қажет.
Уақыт инвестициясы
Америка десек, көз алдымызға шет елдік керемет өмір, және сапасы жоғары білім мен сайттар мен журнал бетіндегі миллиардерлар көз алдымызға елестейтіні белгілі. Көптеген табысты миллионерлер ақшасын осы инвестицияға салып арттыруда. Ал елімізде биржамен халықтың 1%-ы ғана айналысады. Трейдер болып бастау бұл сіздің капиталыңызға және сауда саттық стиліңізге байланысты. Көптеген жаңадан бастаушылар акция саудасымен айналысуды, қысқа мерзімде байып кетудің оңай әдісі ретінде қарастырады. Табыстың түсуі және көбеюі сіздің әрдайым ізденісте болуыңызға байланысты. Көп тәжірибесі бар трейдерлар өз капиталының белгіленген пайызын ғана тәуекелге қояды және бұл өсіп-түсу пайызын өзгертпейді. Мәселен, трейдерлар күніне орта есеппен 500-1000$ аралығында табыс табады. Бірақ трейдер табысы оның біліміне тәуекелге бара алуына және капиталды басқара алатынына байланысты. Әрбір қазақстандық осы саланы меңгерсе, уақытқа инвестиция жасағанын түсінеді. Менің мақсатым – ел азаматтары арасында осы саланы дамыту. Германия, Татарстан, Жапония, Моңғолия, Канададан сабақ алып жатқандар бар. Өзім бірінші қазақ болғандықтан, бұл сала қазақтар арасында үлгермегеніктен, осы бағытты қандастарымның арасында да дамытқым келеді. 2020 жыл – әлем халқына пандемия салдарынан оңай жыл болған жоқ. Басқа экономикалық, әлеуметтік жағдайлар адамзатты биылғы жыл, біраз өзгертті десе де болады. Онлайн жүйесінде жұмыс жасау арқасында айтарлықтай өзгерістер орын алды. Ең бастысы, АҚШ-тан Қазақстанға даму көпірі бола білдік. Қазақстандағы нөлден бастап трейдер болу, биржалық нарықта сауда саттықты үйрететін онлайн академия атандық. Қазақ жастарына әлемдік нарыққа шығып, білім деңгейін көтеріп Американың ірі компанияларының инвесторы атануға мүмкіндік бере алғанымыз бұл – үлкен қуаныш.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!