«Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауының жартылай финал кезеңі қорытындыланды. Қызылорда қаласы және аудандардан 85 қатысушы үздік деп іріктеліп, жартылай сында қатысушылар тренинг, менторлық сессия мен жобаны дамыту бойынша жұмыстар жүргізді.
2 күндік семинар-тренингтен алған білімін ортаға салған қатысушылар үшінші күні финалдық кезеңнің жолдамасын сарапқа салды. Нәтижесінде 21 жоба әділқазылар құрамының шешімі бойынша үздік деп танылып, ақтық кезеңге өтті. Бұдан бөлек, 2 жоба бөлек инвестор қолдауына ие болды.
Сонымен қатар финалдық кезеңде жоба бастамашылары өз жобасын инвесторлар алдында қорғайды. Инвесторлар үшін тартымды болған жобалар инвестицияларға қол жеткізу арқылы және оған қосымша 3 үздік жобаға ақшалай сыйақылар қарастырылған.
Айта кету керек, «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобалар байқауы биыл үшінші рет ұйымдастырылуда. Өткен жылы 11 жобаға 19,8 млн.теңге инвестиция тартылған.
Жобаны жүзеге асыруға Жастар ресурстық орталықтары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы» облыстық филиалы және Қорқыт Ата атындағы ҚУ серіктестік қолдау көрсетуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!