WinWin студиясы – медиа саласының заманауи талаптарына сай сапалы контент өндіруге бағытталған жаңа креативті кеңістік. Басты мақсаты – медиа саласын дамыту, кәсіп иелерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын жетілдіруге және эксперттік видеолар мен подкасттардың дамуына ықпал ету.

− Медиа – қазіргі заманның ең ықпалды құралдарының бірі. Біз студиямыз арқылы кәсіп иелеріне өз қызметтері мен өнімдерін кәсіби деңгейде танытуға мүмкіндік беріп, олардың мақсатты аудиториясына сапалы әрі әсерлі контент ұсынуға көмектесеміз. Сонымен қатар эксперттік видеолар мен подкасттар арқылы қоғамдағы маңызды тақырыптарды көтеріп, тың идеяларды насихаттауды көздейміз, – деп атап өтті «WinWin» студиясының директоры Жансая Сейтмұрат.

WinWin студиясы – сапалы контенттің жаңа деңгейі

Студия қызметтері:

          •         Эксперттік видеолар: Өз саласының мамандарына арналған кәсіби видеоконтент түсіру.

          •         Reels және қысқа видеолар: Әлеуметтік желілерге арналған әсерлі және трендтегі қысқа видеолар дайындау.

          •         Подкасттар: Танымал және қызықты тақырыптарды қамтитын сапалы аудио-видео өнімдер.

          •         Бренд контенті: Кәсіп иелерінің өнімдерін кәсіби деңгейде таныту үшін жарнамалық видеолар түсіру.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!