Конкурстық негізде 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант бөлінеді.

Астанада жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға грант алу үшін өтінімдерді қабылдау басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елордада шағын бизнес субъектілеріне жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін конкурстық негізде 5 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант бөлінеді.Конкурсқа 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлік және экономиканың басым секторлары аясында қызметін жүзеге асыратын республикалық тізілімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.Құжаттар Kezekte.kz платформасында онлайн режимде қабылданады.Өтінім беру үшін мына құжаттарды ұсыну қажет:1) өтінім беру сәтіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама;2) ескіру мерзімі 3 жылдан аспайтын «Бизнес бастау» сертификаты;3) грант сомасының кемінде 20%-ы бар банктен үзінді көшірме;4) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама.Өтінімдер 7-16 тамызда қабылданады.Қосымша ақпаратты Астана Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының сайтынан немесе мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады: +7 (7172) 55-69-21; +7 (7172) 55-69-03; +7 (7172) 55-69-10

sn

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!