Дүниежүзілік жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромымен дүниежүзілік күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін немесе АИТВ-мен ауыратын адамдарға қолдау көрсету үшін жиналады жәнеЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
2020 жылы бүкіл әлемнің назары COVID – 19-ға және оның адамдардың өмірі мен әл-ауқатына әсеріне байланысты болды. Пандемия денсаулық сақтау мәселесі теңсіздік, адам құқығы, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа маңызды мәселелермен қаншалықты тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті. Сондықтан да биылғы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күнінің басты тақырыбы – «Халықаралық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік». COVID-19 кез-келген пандемия кезінде барлығының қауіпсіздігі әр адамның қауіпсіздігіне байланысты екенін айқын көрсетті.
Адамның иммун тапшылығы вирусынан туындаған ауру – әлеуметтік маңызды бар аурулардың және басқаларға қауіп төндіретін аурулардың бірі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ-мен ауыратын пациенттерге терапевтпен, оның ішінде тар мамандардан қабылдау және консультация алу, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинациялау, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балалардың патронажы, жүктілікті жүргізу қолжетімді. Сондай-ақтегінамбулаториялықдәрі-дәрмекпенқамтамасызетуге, жоспарлыстационардыалмастыратын (күндізгі стационар), стационарлықкөмеккекепілдікберіледі. Медициналықкөмеккөрсетуден бас тартқанжағдайдаӘлеуметтікмедициналықсақтандыруқорына«Qoldau – 24/7» мобильдікқосымшасыарқылыжүгінудісұраймыз.
2020 жылдың 10 айында Қызылорда облысында АИТВ жұқтырған 15 науқас анықталды, оның 9-ы ер адам, қалғаны әйелдер. Жалпы өңірде осы инфекциямен барлығы 177 адам тіркелген. Жыл басынан бері үш адам, оның біреуі бала қайтыс болды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!