Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына мониторинг жүргізуді 2022 жылдан бері ЖРВИ және тұмау бойынша қолданыстағы эпидқадағалау жүйесіне енгізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мониторинг қазіргі таңда елде респираторлы вирустар, соның ішінде коронавирус байқалатынын көрсетті. Осы жылдың басынан бері коронавирустың 1290 жағдайы тіркелді. Алайда аурудан қаза болғандар жоқ.
“ЖРВИ, вирусты пневмония және коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендер жоқ. Бұл коронавирус инфекциясының дерт ағыны жеңіл түрде өтіп жатқанын көрсетеді. Сонымен секвенирлеудің соңғы деректеріне сәйкес, Қазақстанда әлемдегідей 100% жағдайда Омикрон штаммының түрлі нұсқалары айналыста жүр”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігі.
Мемлекеттік бас дәрігерінің м.а. 2016 тамыздағы №7 «2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымда тұмау, өткір респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) және коронавирус инфекциясы (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы» қаулыға қол қойды.
Қаулыда ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша эпидемиялық маусым мерзіміне профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар, соның ішінде:
- 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу;
- Медициналық ұйымдарда: кіреберісті «сүзгі» жұмысымен қамтамасыз ету, бетперде тағу, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау байқалған бір жасқа дейінгі сәбилер мен жүкті әйелдердің үйге шақыртуына бірінші кезекте қызмет көрсету қарастырылған.
Тұмау, ЖРВИ, КВИ ауруларының алдын алу үшін ғимараттың ішін жиі-жиі желдетіп отыру, қолды таза ұстау үшін антисептикалық құралдарды пайдалану, науқас адамдармен байланысты шектеу, ауырып тұрған адамдармен байланысқан жағдайда бетперде тағу, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну ұсынылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!