Батыс Қазақстан облысында 25 мамырдан бері жазғы мектепте 19 маусымға дейін білім алатын 20 оқушыдан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаевтың мәлім еткеніндей, өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткендей, қазіргі кезде облыс бойынша қала мен аудандар бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысымен 8 мектептегі 8 сынып, 4 балабақшада 4 топ карантинге жабылды.
Жалпы, оқу жылы басталғаннан бері барлығы 1303 оқушыдан (676-сы дәстүрлі сипатта, 627-сі қашықтан білім алады) індет анықталды.
Өңірде пандемия басталғаннан бері 22833 адам ауырса, маусым айында 275 науқас тіркелді.
Мұхамғали Арыспаевтың сөзіне қарағанда, соңғы аптада (28 мамыр – 3 маусым) алдыңғымен салыстырғанда, ауру жұқтыру көрсеткіші 4,9 пайызға (626-дан 595-ке) төмендеді.
Мониторингтік топтар осы айда 18 рейд жүргізіп, 88 нысанды қамтыды. Екі нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 1 хаттама толтырылып, 43755 теңге айыппұл салынды.
«Күні бүгін «Ashyq« қосымшасымен облыс бойынша барлығы 481 нысан жұмыс істейді. 1 мамырдан бері осы жобаға қатысатын нысандарға үйлерінде оқшаулануы тиіс, қызыл және сары мәртебесі 185 адамның келгені анықталды. Соның ішінде Оралда қызыл мәртебесі бар 72, сарымен 94, Ақсай қаласында қызылмен 9, сары «түсті» 10 адам аталған нысандарға кірмек болған», деді Мұхамғали Арыспаев.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!