Көрнекі фото: pixabay.com
Ғаламшарлар шеруі және жазғы күн тоқырауы – маусымда болатын астрономиялық оқиғалар мұнымен шектелмейді. Магнит дауылдарына да назар аудару қажет. Өйткені ол адамның көңіл күйіне әсер етпей қоймайды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы жариялады.
Магнит дауылдарының мәні мен пайда болу себептері
Жердің ғарыштық ауа райы – Күн мен Күн жүйесінің ықпалымен Жерде болатын эффектілерге әсер ететін жер атмосферасының жоғарғы қабаттарындағы оқиғалар мен құбылыстар. Магнит дауылдары – ғарыштық ауа райының танымал факторларының бірі.
Магнит дауылдары дегеніміз не?
Магнит дауылдары – Жердің геомагниттік өрісіндегі (магнитосфера) күшті ұйытқулар. NASA агенттігінің мәліметтері бойынша, ол күн шығарындыларынан туындайды (Күннің бетіндегі жарқылдар) және соның салдарынан күн желдері (иондалған түйіршік ағындары) пайда болады, ол магнитосфераны қысып, адамдарға, нысандарға және процесстерге әсер етеді
Магнит дауылдары денсаулықтан бөлек мына нәрселерге әсер етеді:
- Навигациялық жүйелер мен радиобайланыстағы ақаулар.
- Электр желілеріндегі кернеуді бақылауға байланысты туындайтын проблемалар.
- Электр қуатын авариялық өшіру жүйелерін іске қосу
- Құрылғылар мен жүйелер жұмысындағы ақаулар.
- Поляр шұғылаларының күшеюі немесе олардың бұрын болмаған жерде пайда болуы.
- Ғарыш кемелері мен спутниктердің жұмысындағы ақаулар.
Магнит дауылдарының әсерін бақылау үшін ресми агенттіктер (NOAA, TESIS) жұмыс істейді. Осы агенттіктердің зерттеулері негізінде алдағы екі-үш айға магнит дауылдарының өзекті болжамы жасалады. Ресми агенттіктерден бөлек, еріктілер тобы модераторлық ететін бельгиялық SpaceWeatherLive сияқты тәуелсіз ресурстар бар.
2024 жылдың маусым айындағы магниттік дауыл күнтізбесі
Британдық геологиялық қызметтің геомагниттік деректер талдаушысы Сара Рейдің айтуынша, күн белсенділігі 2024 жылы шарықтау шегіне жетеді деп болжанып отыр. Күн дауылдары магнит дауылдарына алып келеді және планетаның типтік емес географиялық нүктелерінде теріскей шұғыласын тудырады. Күн белсенділігін зерттеу және бақылау үшін мына көрсеткіштер қолданылады:
- Kp-index (К) – геомагниттік белсенділіктің ғаламдық индексі. Оның диапазоны – 0–9 аралығында, 0 – «өте төмен дауыл» және 9 – «экстремал дауыл».
- Күн жарқылы түрлерінің шкаласы: A, B, C, M, X, мұндағы А – ең әлсізі, ал X – ең күшті.
- G шкаласы – геомагниттік дауылдың күшін, қарқындылығын және деңгейін 1-ден 5-ке дейінгі диапазон бойынша сипаттайды.
Бұған дейін күннің белсенділігі 2025 жылдың шілдесінде шарықтау шегіне жетеді деп болжанған. 2023 жылғы желтоқсанда АҚШ-тың мұхит және атмосфералық зерттеулер ұлттық басқармасының ғарыштық ауа райын болжау орталығы күн белсенділігінің қайта қаралған болжамын жариялады. Күн максимумы 2024 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында күтіліп отыр. Осы датаға жақындаған сайын, жарқыл да қарқын ала түседі.
2024 жылғы маусымдағы магнит дауылдары
Метеорологиялық сезімтал адамдарға арналған Meteoagent мобильді қосымшасындағы мәлімет бойынша, маусым айына болжам мынадай:
- 1 маусым – K-Index 6 (жоғары).
- 8 маусым – K-Index 3 (төмен).
- 9 маусым – K-Index 4 (орташа).
- 10 маусым – K-Indexс 3 (төмен).
- 11 маусым – K-Index 4 (орташа).
- 13 маусым – K-Index 3 (орташа).
- 23–24 маусым – K-Index 3 (төмен).
Ғарыштық ауа райын болжау орталығының мәліметінше, маусым айында күннің белсенділігі қалыпты болады. Азғантай S1 күн радиациялы дауылы болуы мүмкін. Қалған күндері геомагниттік белсенділік артпайды.
Мамырдың ортасында қуаты G-5 болған күн дауылына күн дақтарының көп шоғырлануы себеп болды. Олардың диаметрі Жердің диаметрінен он жеті есе үлкен болды. Бұл жағдай 2003 жылдың қазанынан бері бірінші рет болып отыр.
Маусымдағы магнит дауылдарының әсері мен осы кезеңге арналған ұсыныстар
Күн белсенділігінің артуы мен магнит дауылдарының күші мен жиілігінің артуы адамдардан жалпы қал-жағдайын бақылауды күшейтуді талап етеді. Күндегі жарқыл салдарынан электронды жабдық істен шығатыны сияқты адам ағзасында да соған ұқсас күрделі өзгерістер болады.
Метеорологиялық сезімтал адамдар мына жайттарды сезінеді:
- Қан қысымы көтеріледі.
- Ұйқысы бұзылады.
- Мазасы қашады.
- Буындары ауырады.
- Бас ауырады, басы айналады.
Магнит дауылы жақындап қалғанын білсеңіз:
- Ішімдіктен бас тартыңыз.
- Күйзелістен аулақ болыңыз.
- Дұрыс тамақтаныңыз.
- Көп серуеніңіз.
- Тынығыңыз.
- Ұйқыны қандырыңыз.
- Таза су мен шөп шай ішіңіз.
- Созылмалы ауруларыңыз болса, оларды емдеу және алдын алу бойынша дәрігерлердің ұсыныстарын қатаң сақтаңыз.
Таңертең жеңіл жаттығулар жасап, контрасты душ қабылдау қан айналымын жақсартады. Массаж курсы денені босаңсытып, магнит дауылдары болған күндерді жеңіл өткеруге көмектеседі.
Қазір Жер 2020 жылы басталған 25-күн циклінде. Күн белсенділігінің үдемелі кезеңі өтіп жатыр. Сондықтан маусымдағы жұмыстарыңызды жоспарлаған кезде магнитті дауыл күнтізбесіне көз жүгіртіп өткен жөн. Метеорологиялық тәуелділікті бейтараптандыру үшін денсаулығыңызды бақылап жүріңіз
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!