Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп жазды stopfake.kz.

«WhatsApp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді. Осыған байланысты қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізетіні» туралы хабарлама таратылып жатыр. Бұл – жалған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Дезинфекциялық заттарды әуе көлігінен бүрку де жоспарда жоқ», – деп хабарлады ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!