Фото: primeminister.kz
Қызылшаға қарсы вакцина қауіпсіз. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.
«Жалпы, халық тарапынан сенім бар. 10 айдың ішінде жоспарлы вакцинациялауға келмегендердің пайызы аз, 10 пайыз ғана. Олар шындығына келгенде антиваксерлер деп аталатын кейбір сарапшыларға құлақ асатын адамдар. Діни наным-сеніміне байланысты бас тартатын адамдар да кездеседі», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта елімізде кішкентай балалардың арасында қызылша өршіп тұр. Сондықтан министрлік халық арасында түсіндіру жұмысын күшейтіп отыр.
«Бұл жұмысты өзімнен бастадым. Вакцина қауіпсіз, тиімді, оған сенуге болатынын үлгі ретінде көрсету үшін 5 жастағы немеремді емханаға апарып, вакцина салдырдым», – деді Ажар Ғиният.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!