Фото: Islam.kz
Америка құрама штаттарында 58 жастағы ер адамның жүрегі титаннан жасалған жүрекпен алғаш рет сәтті ауыстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Ғалымдар алғаш рет адамға трансплантацияланған титан жүрегінің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
Бұл жайында islam.kz порталы ScienceAlert ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім еткен. BiVACOR әзірлеген бұл құрылғы беріктігі мен сенімділігі бойынша әлемде теңдесі жоқ инновациялық уақытша қан сорғышы болып табылады. Темір адам фильмдеріндегідей көрінетін титан жүрек шынайы жүректің соғу ырғағын салмайды немесе имитацияламайды. Ол магниттік көтерілетін ротормен жабдықталған, нақты бір байланыссыз және бөлшектердің тозуынсыз қанның үздіксіз сорылуын қамтамасыз етеді. Бұл механизм ауыр жүрек ақауынан зардап шегетін науқастарға донорлық жүрек салынғанша, яғни, уақытша пайдаланылады. Жасанды жүректің негізін құрайтын титан коррозияға және механикалық тозуға өте төзімді.
Құрылғы пайдаланушы өзімен бірге алып жүретін сыртқы қол контроллері арқылы қуат алады. Бұл жүйе пациенттерге трансплантацияны күту кезінде белсенді өмір салтын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл құрылғыны зерттеу және сынау мерзімі адамға алғаш рет имплантацияланған кезге дейін 10 жыл бойы жалғасты. Донорлық жүректі трансплантациялаудан 8 күн бұрын титан жүрегі пациенттің өмірлік маңызды функцияларын қамтамасыз етті. Бұл жаңалық трансплантация және кардиохирургия саласындағы маңызды жетістік болды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!