Фото: Видео кадры
Қызылордада 5 жасар қыз тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Анасының айтуынша, былтыр қыркүйекте қызының тісі ауырған соң мемлекеттік тіс емханасына барған. Дантист қыздың тісін жұлып, үйіне қайтарған. Бірақ анасы ісіну мен ауырсыну үдей түсті дейді. Кейін арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан.
Ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмаған. Анасы қызын Алматыға алып баруға мәжбүр болған. Ал ондағылар кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға тура келген. Мамандар енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ дейді.
«Бұл жер өсу-өспеуі белгісіз. Өспей қалған жағдайда операциямен теңестіреміз деді. Негізі дұрыс анализ жинамаған. Зерттеу жүргізбеген. Солай тісін жұлған. Тісін жұлғаннан кейін осындай асқыну болып отыр. Негізі мұндай диагнозбен барғанда, стамотолог дәрігер, ортодонттар немесе хирургтар жұмыс істеу керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен», – дейді қыздың анасы Гаухар Ермағанбетова.
Медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті өкілдері бұл жағдайға байланысты тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. Тіпті баланың тісін дантист жұлуға болмайтынын айтқан.
«Сол кезде қолданыста жүрген стандарт бойынша 10/53 пантеисттің құқығы бар болатын. Шұғыл түрде көмек көрсететін тіс дәрігері деген болады. Сол тараппен көрсетілген. Ал биыл ақпанда шыққан стандартта ол қызмет түрі алып тасталған. Егерде тағы да тістері ауырып жатқан болса, жағдайы нашарлап жатқан кезде әрдайым көмегімізді көрсетуге дайынбыз», – дейді қалалық орталық емхананың бас дәрігерінің орынбасар Гүлзира Садықова.
Қазір Аяулым үйінде ерекше күтіммен отыр. Тіпті мектепалды даярлық тобына да бара алмай қалды. Ал анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына ызалы.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!