Қызылордада «Балаларға күлкі сыйла» науқаны өтуде. Ұйымдастырушы – Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы. Балаларды қорғау күніне орай бірқатар медициналық мекемелерде Ашық есік күндері өтті. Бұл науқандарда балаларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында стоматологиялық қызметтер тегін көрсетіледі.
Күн сайын «Элит-стом Қызылорда» клиникасы 18 жасқа дейінгі 10-15 баланы қабылдайды.
11 жастағы Рамазан тәттілерді, балмұздақтарды, газдалған сусындарды жақсы көреді. Мұның бәрі тістер мен қызыл иектерге зиян келтіреді. Тіс дәрігерінің кеңесінен кейін алтыншы сынып оқушысы тістерді емдеу және пломбалаудың тегін емін бастады.
Жақында бір жарым жасар қыздың ата-анасы жүгінді. Оның екі тісінде кариес пайда болды, ол асқыну кезеңіне – пульпитке айналды. Тістерін емдедік. Ата-анасына қызына тісін тазалауды үйрету керектігі ескертілді. Өкінішке орай, қөбінесе ата-аналарда сүт тістері күтімді қажет етпейді деп қате ой болады. Тістерді жас кезден сақтау керек, – дейді балалар тіс дәрігері Күләш Төлепова.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының бөлім басшысы Абылайхан Рахимовтың айтуынша, МӘМС аясында азаматтардың 15 жеңілдік санатындағы 18 жасқа дейінгі балалар шұғыл және жоспарлы қызметтерді тегін ала алады. Жоспарлы түрде: анестезия, пломба салу, терапиялық қабылдау, пульпитті, периодонтитті емдеу, гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық формасын толық функционалды қалпына келтіру. Сондай-ақ, тісті жұлудың хирургиялық әдістері, еріннің, тілдің френальды бөлігіне пластикалық хирургия, жақ рентгені және анестезия.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!