Травматолог-ортопед Саламат Тойымбетовтың айтуынша, коксартроз – буын ауруларының ең кең таралған түрлерінің бірі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауру біртіндеп дамып, шеміршек тіні бұзылуына және қозғалыс шектелуіне әкеп соғады. Кейінгі сатыларда науқас мүлде жүре алмай қалуы мүмкін. Бұл ауру егде жастағыларда, әйел адамдарда жиі кездеседі.

«Ауру асқынып, буын толықтай бұзылған жағдайда емдеудің жалғыз тиімді жолы – эндопротездеу», – деді Саламат Тойымбетов.

Дәрігер медициналық көмекке дер кезінде жүгіну буынды сақтап қалуға және аурудың дамуын баяулатуға мүмкіндік беретінін жеткізді. Маманның сөзінше, жамбас тұсындағы ауырсыну байқалған жағдайда ортопедке бару керек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!