Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 миллионнан асты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Джонс Хопкинс университетінің мәліметтеріне сілтеме жасап.
Университеттің мәліметінше, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 90 045 410-ға жетті. Ал қайтыс болғандар саны 1 931 571-ге жеткен.
Науқастардың көбі АҚШ-та тіркелген – 22 миллионнан аса адамнан коронавирус анықталған. Тізімде екінші болып Үндістан тұр. Онда 10,4 миллион науқас тіркелген. Бразилияда 8 миллионнан аса науқас тіркелсе, Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 3,3 миллионға жеткен.
Ал Қазақстан бұл тізімде 50-орында тұр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!